Мемлекет ж?не ???ы? теориясы шпор

Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.

1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Әрбір ірі дінде құдайдың әрекеті деген діни құқықтық қағидалар бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидаларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Кезінде біздің ғасырымызға дейін Египет сияқты шығыс елдерінде кең тарап, кейінірек орта ғасырдың діни қызметкерлері қаруға алып, жан-жақты насихаттады. Монархиялық формадағы мемлекеттердің идеологтері монархтың билігі "құдайдың әмірімен болады",- деп оған сөзсіз бас ию, бағынуды талап етті. Ф. Аквинский (1225-1274) Аристотельдің ілімінен "активтік форманың" "пассивтік материяға" өмір беретін тұжырымға алып, "қандай да болмасын билік – құдайдан" деп жариялады. Теологиялық теория "Екі семсер", "Ай мен күн" сияқты теорияларды да дүниеге әкеледі. Бұл теориялар негізінде Римнің католикалық шіркеуі кең көлемде насихаттады. "Екі семсер теориясы бойынша мемлекет басшысы – король, билікті шіркеуден алғандықтан, оған міндетті түрде тәуелді десе, "ай мен күн теориясы" бойынша ай жарықты күннің түсуінен алса, король, императорлар билікті шіркеуден, пападан алады, сондықтан оған міндетті түрде бағынуы тиіс.

2. Патриархалдық теория – (Платон, Аристотель, Р.Фильмер, Н.Михайловский, Ш.Уалиханов, Бронганк, Вольтман). Бұл теорияның мәні бойынша мемлекет отбасының өсіп-дамуынан ұлғайтып біртіндеп мемлекетке айналады, ал монархтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель. Оның түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы қыстақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы болып табылады.

3. Патроманальдық теория (лат. Patrimonium-мұрагерлікке қалған жер, меншік). (Швейцарлық, К. Галлер). К.Галлердің түсінігі бойынша мемлекет меншік иесінің жерге иелену құқығынан пайда болады. Жерге ие болған меншік иесінің билігі сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне жүреді. Халық жерді меншік иесінен мердігерлікке ғана алады. К.Галлер Х1Х ғасырда Еуропаның кейбір мемлекеттеріндегі феодалдардың жерге деген меншігінің саяси билікпен ұласқандығын алға тартады.

4. Күштеу теориясы – (Жан Ян б.э.д.390-338ж., Е.Дюринг, Л.Гумпелович, К.Каутский) Бұл теорияны жақтаушылар мемлекеттің пайда болуын бір тайпалардың басқа тайпаларды жаулап алуымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, мемлекеттік билік, таптар бір халықтың екінші халықты жаулап алғаннан кейін пайда болады және ол соғыстың, күштеудің тікелей салдары деп танылады. К.Каутский қоғамда таптардың пайда болуын көшпенділердің отырықшы елдерді жаулап алуынан туған деп тұжырым жасады. Мысалы, Л.Гумпелович: "Бізге тарих мемлекеттің күштеу арқылы болмағаны туралы басқаша бірде-бір мәлімет бере алмайды. Мемлекет әрқашан бір тайпаның басқаларға күш қолдануы нәтижесінде қалыптасты. Бұл күштірек бөтен тайпалардың отырықшылыққа өткен әлсіз халықты жаулап алуы мен езіп жаншуының нәтижесі"-деп қорытынды жасады. Ол құқықтың пайда болуын тек күш арқылы болатын құбылыс деп танып "күш қолдану құқықтың алдында жүреді" деген формула, қағиданы құқықтану ғылымына енгізді. Оның ойынша топтардың, бір рулардың үстемдік етіп, күш қолдануы дағдыға айналып, келе-келе әдеттік құқық нормаларын қалыптастырады.

5. Шарт немесе табиғи-құқықтық теория – (Б.Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, Ш.Л.Монтескье, П.А.Гольбах, А.Радищев). Бұл теория XVII-XVIII ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтық институттар мен жүйеге қарсы күрес кезеңінде қалыптасып дами келе көптеген елдерде кеңінен тарады. Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен шиеліністерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Содан бері қарай мемлекет жасалған шарт негізінде өз міндетін атқаруда. Шарттың талаптарын орындамай өрескел бұрмалаған жағдайда халық өзі құрған билікті күшпен құлатуға құқылы. Сонымен қатар шарт теориясының негізгі қағидалары мен талаптары АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясында (1776), Францияның адам және азамат құқықтарында(1789) және басқа да құжаттарда бекітілді.

6. Психологиялық теория (бұл теорияны уағыздаған Фрезер,Тард,Пампериен,Петражицкий,Фрейд,Ковалевский,Коркунов) Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет және жалпы билік жүргізетін адам ерекше сыйқырлы күшпен психикалық энергияға ие. Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік білдіріп, табынған болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адмдар өздерінің бағыныш қылығын танытады, бағынуға құлшыныс береді. Бағындыру, бағындырушының ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты. Мемлекеттік билік осы жолмен қалыптасады. Қоғамда ерекше қасиеті бар адамдарға басқа адамдар өз еркімен табынуға, бағынуға ұмтылады.

7. Органикалық теория (өкілдері:Шеффле, Вормс, Фортескью, Спенсер). - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. IV-III). Бірақ теория толық түрде Х1Х ғ. Қалыптасты. Теорияның мазмұны мемлекетті біртұтас организмге теңейді.Ағзада әртүрлі функциялар атқаратын жасушалар мен органдар болады. Олардың барлығы біртұтастықты құрап, тіршілік етуді қамтамасыз етеді. Мысалы, адамның мыйы басқару функциясын атқарса, қол мен аяқ дене еңбегімен шұғылданатындар, ал сауда, көлік байланыс жүйелер адамның қан тамырларымен салыстырылады. Басқару аппаратын да тірі ағза ретінде бағалайды. Ағза биологияның заңына бағынса, адам саналы құдіретке, оның қимыл әрекеті әртүрлі болады, қайталанбайтын шешімді қабылдауға интелекті жетеді.

Құқық туралы негізгі теориялар:

1. Табиғи теория – бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Мазмұны - қоғамда мемлекеттік құқықтан басқа адамдардың табиғи құқығы болады: бостандығы, теңдігі, еңбек жасауы, қоғам жұмысына қатысуы т.б. Цицерон табиғи заңға қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес деген. Табиғи теорияны Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен мемлекеттік құқықты бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды қарым-қатынасты бірігіп реттеп басқарады.

2. Тарихи теория – бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатынасы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен өздерінің ойынан заң шығара алмайды, тек қоғамның объективтік даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорияның өкілдері: Густав Гуго, Карл Савинын, Фридрих Пухта, Штиль т.б.

3. Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған. Бұл теорияны құрастырған неміс ғалымы Рудольф Йеринг. Бұл теория құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің құқығының міндеттері болатынын және мемлекеттің бақылауын қостайды.

4. Социологиялық (әлеуметтік)теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды. Өкілдері: Эрлих, Леон Дюги, С.М. Муромцев т.б. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге көп көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды.

5. Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі-нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Өкілдері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен.

6. Психологиялық теория – ХХ ғ-дың басында жақсы дамыған теория. Негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын Петржицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды(позитивтік). Жеке тұлғалық құқық-жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды (позитивтік) құқық басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.

7. Материалистік теория – құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады – деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың мүддесі.

Қанатқызы Алтынай
Е және А 11 К1
Мемлекет теориясы
Сұрақтар:
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама.
2. Мемлекеттің пайда болу себептері
3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.
4. Мемлекет механизмі
5. Басқару нысаны

1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді
жəне қандық туыстыққа негізделді;
- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық
демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде
қалыптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар,
ақсақалдар, əскербасылары жəне т.б. қызмет етті, олар алғашқы
қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп
отырды.
2. Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда болуы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар
табылады:
2.1. Діни теория - мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, барлық билік құдайдан деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық
нысандарын - абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский.
2.2. Патриархалды теория - мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.
2.3. Шартты теория - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған.Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мем-
лекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
2. 4. Күштеу теориясы - мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері - Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.
2.5. Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата-
рынанЛ.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
2.6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.
2.7. Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
2.8. Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын əлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады.Бұл теорияның өкілдері - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин - мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтаужəне
бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
3. Мемлекеттің пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалыптасуы - əртүрлі халықтарда түрлішежүзеге асқан ұзақ үдеріс. Шығыста өндірістің азиялық тəсілі (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай жəне т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде
рулық құрылымның əлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік үлес, ұжымдық меншік жəне т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды. Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины - мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар -патрицийлерге қарсыкүресінің нəтижесінде тездетілді. Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті,мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды. Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мəні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік жəне жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен жəне азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады. Мемлекеттің мəні. Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын,қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кеңжəне тар мағынасында анықтауға болады. Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады. Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды. Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы
екендігі;
2) мазмұнды - осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет
ететіндігі. Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге
болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдікқұрушы топтың саяси билігінің ұйымыретінде анықтауға болады;
- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстармен əлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымыретінде анықтауға болады. Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін жояды.
ə) маңыздылығына қарай - негізгіжəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты - ішкіжəне сыртқы функциялар. Мемлекеттің ішкі функциялары - оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функцияжəне мəдени функция. Мемлекеттің сыртқы функциялары - оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясыжəне т.б. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын . жалғасы

Жарияланған материалдың жеке номері: 18347

Сабақ жоспары
Тобы
Мерзімі

Оқытушы:Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Жалпы тақырып Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама

Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы


Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті :
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мемлекет және құқық теориясы пәнінің өзіне тән ғана ерекшеліктері бар, өйткені мемлекет пен құқық абстрактілі ұғым, категория ретінде зерттеледі, оқытылады.
Аталған теория мемлекет пен құқықты зерттеу барысында оларды мемлекеттегі нақты құқық ретінде, белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмайды. Керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастырады. Сонымен бірге, ең алдымен осы заманғы мемлекеттілік пен құқықтардың ең дамыған нысандарын зерттеуді бағыт-бағдар ретінде ұстанады.Олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіреді.
Мемлекет және құқық теориясы- күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет теориясы мен құқық теориясы деп аталатын екі бөлімнен тұрады.
Мемлекет теориясы- мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын(формаларын) және қызметтерін, функцияларын зерттейді.
Ал құқық теориясы- заң догматтары мәселелерін,яғни құқық негіздерін, құқық нормаларының түрлерін, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқықты түсіндіруді, заң алдындағы жауаптылықты және тағы да басқалай мәселелерді зерттейтін ғылым.
Оқулық үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдардың мағынасы мен мәні, маңызы талданып, олар жөніндегі мағлұматтардың түсінігі берілген.Бұл бөлімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол мемлекет пен құқық теориясының әр тақырыбы бойынша мазмұндық сипаты бар кестелерден тұрады.Әрбір кестеге қысқаша, мазмұндық түсініктемелер берілген. Екінші бөлімде мемлекет пен құқық теориясының мәселелерін қамтитын негізгі ұғымдардың қысқаша түсіндірме сөздігі де берілген.


Сабақты қорытындылау: Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: І Бөлім,§1, жағдаят талдау
Сабақ жоспары

Оқытушы:Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Жалпы тақырып Мемлекет және құқық теориясыныңпәні және әдісі

Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы


Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Авторы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

--> --> --> --> --> --> --> --> -->
--> -->Меню сайта -->
-->

Мемлекет және құқық теориясы – жалпы заң ғылымы, ол мемлекеттік-құқықтық шындықтың ең маңызды теориялық-әдістемелік бағыттарын біріктіреді. Оның негізгі категориялары мен түсініктемелері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесіне талдау жасап, сайып келгенде заңгердің табысты тәжірибелік жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан, қандай болмасын заңгерлік жоғары оқу орындарында юриспруденцияны игеру мемлекет және құқық теориясын зерттеуден басталады және міндетті түрде мемлекеттік емтиханды осы берілген пәннен тапсырумен аяқталады.

Бұл курстың материалдары қайнар көздерге және ғылыми жұмыстарға, бағалы зерттеулерге сүйенеді, сондықтан да оны жалпытеориялық ойлардың шоғыры, нақтылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың көрінісі ретінде қарауға болады. Осыған орай, мұндағы материалдардың мазмұны мемлекет және құқық теориясының курсын қайталау мақсатында және емтиханға дайындық кезінде пайдалануға көбірек тиімді. Сондықтан да материал қойылатын сұрақтарға қарай, оларға жауаптар алгоритмінде жазылған. Бірақ ескеретін нәрсе сол, бұл оқу құралы емтихан тапсыруға жеткілікті барлық минимум ақпаратты өзінде ұстаса да, сол не басқа сұраққа жауап бергенде оқытушы әр уақытта студенттен кең көлемдегі және ойлы жауапты күтеді.

Мемлекет және құқық теориясын зерттеуде маңызды құқықтық түсініктердің анықтамаларына ерекше көңіл аударылады.

Өз маңыздылығына байланысты бұл түсініктер басқадай мемлекеттік-құқықтық институттардың негізін ашып көрсететін, өзіндік ерекшелігі бар кілті болып есептеледі. Сондықтан оларды байымдау міндетті түрде жаттауды керек етеді, себебі оларды білу тек мемлекет және құқық теориясын толық игеру емес, оларға кепілдік береді және өз маңызды-лығын, келесі салалық заң пәндерін зерттегенде де жоғалтпайды және олардың меншікті институттарының түсіндіру негізіне жатады. Ондай жалпы теориялық түсініктердің және анықтамалардың маңыздылығы, қандай болмасын заң ғылымдарының оқулық пәндерімен байланысты олардың универсалдылығында. Сол үшін сол не басқа тақырыптардың керек категориялары бұл басылымда ерекше бөлінген.

Есепке алатын жағдай – бұл басылым дербес және негізінен біреу ғана, мемлекет және құқық туралы теорияның қайнар көзіне жатпайды. Негізгі оқулықтар осы басылымның соңында ұсынылған. Библиографиялық тізімдегі кең көлемдегі оқу құралдарынан қосымша ретінде пайдаланылады.

Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы, басқа қоғамдық және салалық заң ғылымдарымен салыстырғанда өзінің салыстырмалы тұрақтылығына қарамай, қатып қалған мәліметтердің жиынтығы емес. Олардың тәжірибелерін және жетістіктерін пайдаланып, тұрақты дамиды және қиындай түседі. Осыған байланысты монографиялық әдебиеттерде арнайы жарияланған, ең алдымен, заң журналдарындағы ғылыми мақалалардың маңызы зор.

Студенттер міндетті түрде құқықтық сезімнің және мәдениеттің жоғарғы деңгейін, құқыққа, заңға деген құрметтің тұрақты стереотипін жасап, оларды бұзуға жол бермеуі керек. Міне осындай, универсалды (әмбебап) және іргелі мемлекет пен құқық теориясының сипаты, ғылым және оқулық пән ретінде оның бізді қоршаған дүниені танитын құралы мен әдісі екендігін көрсетеді.

Кіріспе
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Мемлекет және қоғамның саяси жүйесі
Мемлекеттің типологиясы (кейіптері)
Мемлекеттің түрлері мен нысандарының түсінігі
Мемлекеттің функциясы
Мемлекеттің (аппараттың) механизмі
Құқық. Оның түсінігі және қағидалары, құқықты түсіну
Қоғамдық қатынастарды нормативті реттеу жүйесі
Құқықтың нысаны (қайнар көздері)
Нормативті-құқықтық актілер: олардың түрлері мен әрекеттері
Құқықтық шығармашылық
Құқық нормаларын іс жүзіне асыру. Құқықты қолдану
Құқық нормаларын талқылау
Құқықтық қатынастар
Заңды фактілер
Құқық жүйесі және заңдар жүйесі
Құқықтық реттеу механизмі (тетігі)
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
Құқық және құқыққа сай тәртіп
Құқық бұзушылық
Заңды жауапкершілік
Заңдылық, құқықтық тәртіп және тәртіп
Қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
Құқықтық мемлекет
Азаматтық қоғам және мемлекет
Мемлекеттің құқықтық және экономиканың әрекеттілік заңдылықтары
Библиографиялық тізім

5 Восточно-Казахстанский государственный технический университет имени Д. Серикбаева — Восточно Казахстанский государственный технический университет имени Даулета Серикбаева (ВКГТУ) Оригинальное название Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік техникалық университеті (ШҚМТУ) Год основания …

6 Вкгту — Восточно Казахстанский государственный технический университет имени Д. Серикбаева (ВКГТУ) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік техникалық университеті Год основания 1958 Расположение Усть Каменогорск …

7 Восточно-Казахстанский государственный технический университет — имени Д. Серикбаева (ВКГТУ) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік техникалық университеті Год основания 1958 Расположение Усть Каменогорск …

8 Восточно Казахстанский Государственный Технический Университет — имени Д. Серикбаева (ВКГТУ) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік техникалық университеті Год основания 1958 Расположение Усть Каменогорск …

9 әскери атташе — (Военный атташе) қызмет бабындағы адам. Өзі барған елде өз мемлекеті армиясының ресми әскери дипломатиялық өкілі болып табылады. Ол екі елдің әскери ведомостволары (министрліктері) арасындағы әскери сипаттағы шерулерде, маневрлер мен өзге де… …

10 әскери коалиция — (Военная коалиция) басқа мемлекеттер (мемлекеттер коалициясы) тарапынан агрессияны болдырмау, сол мемлекетке немесе коалицияға қарсы соғыс жүргізу міндеттерін шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңге құралатын мемлекеттердің әскери саяси одағы. Әрбір …

11 әскери күш — (Военная сила) жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің сырттай, сондай ақ мемлекет ішіндегі қарулы күш көрсетуден қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған әскерлер мен күштер. Әдетте, оларға қарулы күштер, шекаралық әскерлер, ішкі әскерлер,… …

12 демилитарландырылған аймақ — (Демилитаризованная зона) халықаралық құқық бойынша қарулы күштер ұсталуына тыйым салынған, әскери бекіністер мен құрылыстар жойылған аумақ. Д.а тың толық және шектеулі түрлері бар (ядросыз аймақ, Рейн демилитарландырылған аймағы, т.б.). Толық… …

13 қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету — Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты мақсаты елдің аумағын, егемендігін, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, агрессияның немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстан Республикасының… …

14 құрметті қарауыл — (Почетный караул) гарнизон бастығының, құрама немесе жеке әскери бөлім коман дирлерінің бұйрығымен әскери құрмет көрсету үшін тағайындалатын бөлім (взводтан ротаға дейін). Ол тек мемлекеттік ескерткіштер ашу кезінде, мемлекет басшыларын күтіп алу …

15 шекараның демилитарландырылуы — (Демилитаризация границ) халықаралық келісімшарттар негізінде шекараға жанасып жатқан қарулы күштерді жер аумағынан шығару және осы аймақтағы бекіністер мен құрылыстардың салынуына тыйым салу. Толық немесе шектеулі болуы мүмкін. Ш.д. өзара… …

16 Anthem of the Kazakh Soviet Socialist Republic — The State Anthem of the Kazakh SSR ( kk. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны) was the national anthem of Kazakhstan when it was a republic of the Soviet Union and known as the Kazakh SSR.BackgroundThe music was composed by …

17 ДВОРЯНСТВО — юридически оформленная в качестве господств. сословия часть класса феодалов, обладающая определенными, передаваемыми по наследству, привилегиями. В период капитализма Д. сращивается с буржуазией, сохраняя в ряде стран нек рые сословные привилегии …

18 Hymne De La République Socialiste Soviétique Kazakhe — L Hymne de la République socialiste soviétique kazakhe fut utilisé comme hymne officiel de la République socialiste soviétique kazakhe de 1945 à 1992, date à laquelle fut proclamée la République du Kazakhstan. La musique (composée par M.… …

19 Hymne de la Republique socialiste sovietique kazakhe — Hymne de la République socialiste soviétique kazakhe L Hymne de la République socialiste soviétique kazakhe fut utilisé comme hymne officiel de la République socialiste soviétique kazakhe de 1945 à 1992, date à laquelle fut proclamée la… …

20 Hymne de la République socialiste soviétique kazakhe — L Hymne de la République socialiste soviétique kazakhe fut utilisé comme hymne officiel de la République socialiste soviétique kazakhe de 1945 à 1992, date à laquelle fut proclamée la République du Kazakhstan. La musique (composée par M.… …

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.