Подагра ауруы туралы м?лімет

Подагра ауруы

Подаграның пайда болу себептері:

§ Зәр қышқылы синтезіне әкелетін пурин метаболизміне қатысатын ферменттердің генетикалық бұзылыстары.

§ Генететикалық дефект саналу себебі зәр қышқылының экскрециясына жауап беретін бүйрек ферменттерінің гипофункциясы қалыптасқан Подагра дамуына әкеледі:

§ Пуриндік негіздерге бай тағамдармен артық тамақтану, етті тағамдар, ішімдік(сыра, шарап), , сүтті, балықты, уылдырықты, кофе, какао, шоколадты көп қолдану

§ бүйрек қызметінің бұзылысы, липидті алмасу бұзылысы, лейкоз

§ Аяққа түскен жарақаттар

§ Кейбір дәрілік заттарды қолдану — цитостатиктер, салуретиктер, туберкулезге қарсы заттарды ұзақ уақыт қолдану

Подаграның түрлері

Метаболизмдік (гиперпродукциялык) подагра. Подаграның бұл түрі ген кемістігінен болатын энзимопатияларға байланысты зәр қышқылының шамадан артық түзілуінен дамиды. Соңғы кезде гиперурикемияға әкелетін энзимопатиялардың бірнеше түрлері анықталған, мәселен энцефалопатия мен пурин алмасуының бұзылысымен жүретін Леша-Нихен синдромы бар балаларда гипоксантин-гуанин-фосфорибозол-трансфераза ферменті болмайды. Подаграныңауыр түрімен сыркаттанған ересек жастағы адамдардың кейбіреуінде осы ферменттін тапшылығы анықталған. Аталған ферменттің гені Х-хромосомада орналаскан. Метаболизмдік подаграның екіншілік түрі пуриндердің жасушалық ядролардан көп мөлшерде бөлінуіне әкелетін ауруларда кездеседі, мәселен гемобластоздар мен лимфомаларда (химиотерапия кезінде), гемолиздік анемияларда. Подаграның метаболизмдік түрінде урикозурия көп мөлшерде (тәулікке 3,6 ммоль артық) және зәр кышқылынын бүйрек арқылы бөліну клиренсі калыпты деңгейде сақталады.

Бүйректік (гипоэкскрециялык) подагра. Онын негізгі себебі — зәр қышқылы экскрециясының азаюы. Подаграның бүл түріне зәр қышқылының тәуліктік экскрециясының азаюы (1,8 ммоль-ден кем) және бүйректен бөліну клиренсінің төмендеуі тән. Бүйректік подаграның басты себебі — ураттардын экскрециясына қатысты транспорттық ферменттердің кемістігі, бірақ бүл кемістіктер осы кезге дейін анықгалмаған.
Бүйректік подаграның екіншілік түрлері келесі жағдайларда кездеседі:
• бүйректің жедел және созылмалы шамасыздығында;
• тиазидтік диуретиктерді және кейбір дәрмектерді (этамбутол, никотин қышқылы, рибоксин т.б.) ұзақ қолданғанда;
• қорғасынмен уланғаңда;
• органикалық қышқылдардың (сүт қышқылынын) бөлінуіне, яғни ацидозға әкелетін жағдайларда (ашығу, белсенді дене қызметі, алкоголь), өйткені органикалық қышқылдар бүйрек түтікшелерінде зәр қышқылының экскрециясын тежейді.

Подагра дамуы (патогенезі)

Зәр қышқылынын кандағы концентрациясы шамадан тыс биіктеуінен натрий ураты кристаддарға айналып, тіндердің, ағзалардың Әйелдерге қарағанда еркектердің қанындағы урикемия деңгейі биіктеу болады. Бұл айырмашылықтың себебін жыныстық гормондармен байланыстырады. Моноурат кристалдары дәнекер Тінінің арасына жиналады — синовийлік қабықтарға, шеміршектерге, сүйектердің буындық басына, сіңірлерге, көздің склерасына, бүйректердің интерстициялық тініне, тамырлардың қабырғасына. Кристалдардың шоғырланып жиналуы жедел подагралық артриттің дамуына (подагралық кризге), кристалдардан тұратын түйіндердің (тофустардың) түзілуіне әкеледі. Патогенезіне қарай подаграның үш түрін айырады (метаболизмдік, бүйректік және аралас).

Жедел подагралық қабыну басталғанда буын қуысында урат микрокристаллдары, комплемент жүйесінің белсенді компоненттері, кининдер жинала бастайды. Соның салдарынан қантамыр өткізгіштігі артып, эндотелийге нейтрофильдердің жабысуы және буын қуысына нейтрофильдер түседі. Буын қуысына нейтрофильдер түскен сәтте фагоцитоз процесі басталып, нейтрофильдер

түскен жерге лизосомальды ферменттер мен цитокиндердің (ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, ФНО-альфа) жиналады. Урат кристаллдарының бүйрек каналшаларында жиналып қалуы подагралық нефропатияға әкеледі.+

Подаграның дамуының 4 сатысы бар:

1. Подагралық артрит

2. Тофустар ( жұмсақ тіндерде және шеміршектерде, сүйекте натрий кристалл ураттарының жинақталуы)

3. Подагралық нефропатия

4. Уратты тастардың түзілуімен жүретін нефролитиаз

Подаграның клиникалық белгілері

Типті жедел ұстама ( 3-10 күн ) – кенет басталады, продромальды кезең болуы мүмкін (әлсіздік, субфебрилитет, бастың ауруы, артралгиялар). Ұстаманы шақырады: майлы тағам, алкоголь, суық тию, жарақат.

Бірінші бақайдағы кенеттен басталған қатты ауырсыну, ауырсыну түнде басталады, буын ұлғаяды, терісі қызады, көкшіл –қызыл түсті болуы мүмкін тері түсі, түзілген томпаюлар (тофустар) тығыз болады. Ауырсыну кезінде дене қызуы 38-39° С дейін жоғарылайды.

Есте сақтаңыз! Подагра сізде ең бірінші рет болса, бірінші табан фалангалық буын зардап шегеді. Бұл подаграның ең айқын белгілерінің бірі

Подаграның негізгі белгілерінің бірі тофустар болып табылады. Тофустар дегеніміз – ураттар немесе жиналып қалған тұздар, дәнекер тіндерінен тұратын подагралық түйіндер. Орналасуы – құлақ қалқаны, білезік буыны, өкше, тізе, аяқтың бірінші бақайында , табанда, өкшеде, мұрынның шеміршегінде, қол басында -ұсақ буындар айналасында, саусақтың жұмсақ бөлігінде, бұдан басқа өкше сіңірі аймағында, синовиальді қапшықтарда кездеседі.+

Тофустарға қарап аурудың мерзімі мен ауырлық дәрежесін , гиперурекемия дәрежесін анықтайды.+

Орташа есеппен тофустар бірінші ұстамадан кейін 6 жылда түзіледі, кейбір науқастарда одан да ерте.

Өлшемдері әртүрлі — түйреуіш басындай, кейде кішкене алмаға дейін. Жеке тофустар бірігеді де, үлкен конгломераттар түзеді.+

Жеделдеу формасында моноартрит, шамалы ауырсыну, экссудативті көріністер байқалады.+

Жедел подагралық артриттің біріншілік ( ерте ) ұстамаларында моноартрит 85% байқалады. Моноартрит түнде немесе таңертең ерте кенеттен басталады. Ісіну тез ұлғайып, буын аймағындағы ауырсыну мен температураның жоғарлауы байқалады.

Псевдофлегманозды формасында – айқын қабынулық көріністері бар кез келген локализациядағы моноартрит дамиды.+

Мазмұны

Подагра дегеніміз не?

Подагра – несеп қышқылының кристалдарының бір немесе бірнеше буындарда жинақталуымен сипатталатын артриттің түрі. Несеп қышқылы организмдегі пуриннің ыдырауының соңғы өнімдері. Бұл заттек әдетте, қанда ыдырайды және несеппен шығарылады. Подаграға шалдыққан адамдарда несеп қышқылы жинақталады, кейін олардан буын қуыстарында үшкір кристалдар жинақталады. Осыдан барып зақымданған буындарда ауырсыну және ісіну пайда болады.

Симптомдары

Подаграның ұстамасы дегеніміз не?

Подаграның симптомдары кенеттен (көбінесе, түнде) пайда болуы мүмкін. Әдетте, үлкен бақайдың буыны зақымданады, бірақ, ауырсыну қол-аяқтың буындарында, тобықта, тізе буынында, білек буынында пайда болуы мүмкін. Зақымданған буын қызарып, ауырсынып, ұстағанда ыстық болады. Ауырсыну буынды ұстағанда күшейеді.

Себептері және қауіп факторлары

Подагра кімде пайда болуы мүмкін?

Егер пуриндерге бай тағамды тұтынатын болсаңыз, подаграның даму қаупі артады. Бұл келесі өнімдер: албырт, сардиндер, сорпалық ет өнімдері, қояншөп, саңырауқұлақ, сельдь. Сондай-ақ, артық салмақ болса, холестериннің деңгейі жоғары болса, диабет, жоғары артериалдық қысым болса, сондай-ақ, алкогольдің шамадан тыс мөлшерін тұтынуда подаграның дамуына бейім боласыз. Әйелдерге қарағанда ерлерде подагра жиі кездеседі. Әйелдер етеккір тоқтау шағында подаграның дамуына бейім. Сондай-ақ, подагра - тұқым қуалауға бейімділік болатын ауру.

Подаграға апаруы мүмкін дәрілік препараттар:

• Жоғары артериалдық қысымды емдеуге арналған кейбір диуретиктер

• Ниацин (В тобы дәрумендерінің кешені)

• Аспирин (төмен мөлшерлемесінде)

• Алмастырылғаннан кейін жаңа ағзаның ажырауының алдын алу үшін тағайындалатын циклоспорин

• Қатерлі ісікті емдеуу үшін қолданылатын кейбір препараттар

• Пиразинамид және этамбутол, туберкулезді емдеу үшін қолданылатын.

Емдеу

Подагра ұстамасы болса, не істеу қажет?

Емдеуді ерте бастаған сайын, ауырсыну да тезірек өтеді. Дәрігер буындардағы қабыну мен ауырсынуды азайту үшін дәрілік препараттарды тағайындайды. Дұрыс емдеген кезде подаграның ұстамасы бірнеше күн ішінде өтуі тиіс. Ұстама кезінде жануар ақуызының мөлшері мол тамақты тұтынуды азайтып, алкогольді тұтынуды толығымен тоқтату қажет.

Ұстама кезінде қатаң төсек тарту ұсынылады. Буынға мұз қою қажет, бұл ауырсынуды жеңілдетеді. Зақымданған тұсты жоғар қою қажет, мысалы, астына жастық қою керек. Сондай-ақ, ибупрофен және напроксен секілді ауырсынуды басатын препараттар көмектеседі.

Подагра ұстамасы болмас үшін не істеу қажет?

Дәрігер подаграның ұстамасының алдын алатын дәрілік препараттарды тағайындауы мүмкін. Бұл дәрілер буындардан несеп қышқылын шаяды, оның организмдегі мөлшерін азайтады, ісінуді басады. Аспирин бұл препараттардың жұмысына кедергі келтіретіндіктен, оларды қатар тұтынуға болатындығы туралы дәрігермен кеңесіңіз.

Артық салмақ болса, арықтау қажет. Егер жоғары артериалдық қысым болса, холестериннің деңгеі артқан немесе диабетке шалдыққан болсаңыз, емдеу курсын өту қажет және әрі қарай емдәм сақтау қажет (тұзды мен майлыны шектеу). Алкоголь тұтынудан және пуриндердің мөлшері жоғары болатын өнімдерді қабылдаудан алшақ болыңыз. Суды көбірек ішіңіз, ол несеп қышқылын организмнен шығаруға көмектеседі.

Асқынулары

Ауруды емдемеген жағдайда не болады?

Емделмеген жағдайда подаграның ұстамасы бірнеше күн немесе апта бойы созылады. Ауру көрші буындарға тарауы мүмкін, ауру ұзаққа созылуы мүмкін.

Егер подаграның ұстамасы көптеген жылдар бойы орын алса, тофустар (өсінді, шор) дамуы мүмкін. Бұл тері астында түйін түзетін, несеп қышқылынығ кристалдары. Тофустар әдетте, бақайда, саусақта немесе шынтақта болады. Несеп қышқылының несеп жолдарында жинақталуынан бүйрек ауру дамып, бүйректе тас түзілуі мүмкін. Подаграның ұзақ уақыт бойғы барысында үрдіске буынның маңайындағы сүйектер қамтылуы мүмкін.

Подагра(грек. podos – аяқ + agra – қақпан, “қақпандағы аяқ”) – пурин алмасуының бұзылуынан туындайтын, қайталамалы жедел артрит және ішкі органдардың зақымдануымен сипатталатын созылмалы ауру.

Подагра жөнінде ілімнің негізін қалаушы 1963 ж. “Подагра және бөсір жөніндегі трактатты” жазған ағылшын дәрігері Сиденгам болып есептеледі.

Подаграның тарау жиілігі 0,1% құрайды. Ревматизмдік аурулардың ішінде подаграның үлесіне 5% тиеді. Негізінен 35-60 жастағы еркектер ауырады. Подаграмен ауыратындардың ішінде ауыратын әйелдердің саны 2-3% құрайды.

Этиологиясы және патогенезі.Аурудың себебі гиперурикемия болып табылады. Гиперурикемияның пайда болу механизміне қарай бірінші және екінші ретті подаграны бөледі. Бірінші ретті подагра – тұқым қуалайтын ауру, ол бірінші ретті гиперурикемия салдарынан дамиды. Бірінші ретті гиперурикемияның себептері: 1) эндогендік пуриндер синтезінің күшеюі (гиперурикемияның метаболизмдік немесе өнімдік типі; аурулардың 60%), жоғары дәрежелі урикозуриямен және несеп қышқылының қалыпты клиренсімен сипатталады; 2) бүйректің несеп қышқылын бөлуінің бұзылуы (гиперурикемияның бүйректік немесе ретенциялық типі, аурулардың 10%); несеп қышқылының төмен клиренсімен сипатталады; 3) екі себептің қоса кездесуі (гиперурикемияның аралас типі, аурулардың 30%), қалыпты немесе төменгі дәрежелі уратуриямен және несеп қышқылының қалыпты клиренсімен сипатталады

Подагра дамуының негізгі механизмі – ұзаққа созылған гиперурикемияның организмде қан ішіндегі несеп қышқылын азайтуға бағытталған бейімделу реакциясын тудыратыны. Компенсаторлық реакциялар бүйректердің несеп қышқылын бөлуді көбейтуі (қалыпты жағдайда ураттардың 70% бүйрек арқылы, қалғандары – ішек арқылы бөлінеді) және ураттардың (несепқышқылды натрийдың) тіндерде жиналуы түрінде көрініс береді. Ураттар таңдамалы түрде буындарда, сіңір қынаптарында, синовиальды қалтада, теріде, бүйректерде жиналады.

Ураттардың сіңірлерде, қапшықтарда және тері астында жиналуы тофустардың (құрамында натрий уратының кристалдары бар домалақ түзілістер) түзілуін тудырады.

Клиникасы.Аурудың негізгі симптомы жедел подагралық артриттің ұстамасы болып табылады. Жиі 40-50 жастағы ұзақ уақыт гиперурикемиясы бар адамдарда кездеседі. Ұстаманың түрткі факторлары: салқын тию, күш түсу, жүйке күйзелісі, ашығу, ішінде пуриндер көп тағамдар (ет, балық, бұршақ т.б.), ішімдік қабылдау, инфекция, жарақат, диуретиктер қабылдау.

Ұстама алдында продромальды белгілер болады: көңілдің көтеріңкі күйі немесе депрессия, делсалдық, қызба, диспепсия. Ұстама кенет, көбіне түнде басталады, өте күшті ауырғандық бой көрсетеді. Буын тез ісінеді, буын үсті қызғылт-көкшіл түске боялады, буын қимылы өте азаяды. Артрит ұстамасы көбіне бірінші табан-башпай буынында болады. Қол ұшы буындарының, шынтақ, тізе және иық буындарының зақымдануы мүмкін. Артрит ұстамасына қоса қызба (қызу кейде 40 0 С дейін көтеріледі), қалтырап тоңу, лейкоцитоз және ЭТЖ өсуі болады. 5-6 күннен кейін қабыну белгілері біртіндеп азаяды және кейінгі 5-10 күн ішінде науқас адамның көбінде жойылып кетеді, температура мен ЭТЖ қалыпты күйге оралады, буын функциясы қалпына келеді.

Жедел подагралық артритке тән ерекшелік – ауру адамның толық спонтанды жазылуы – болатыны.

Ұстама аралық подагра аурудың дамуының келесі сатысы және ол подагра белгілерінің болмауымен сипатталады. Мұндай күй созылмалы подагралық артрит бой көрсеткенге дейін созылады. Бұл кезеңде болатын буынның ауыруы әдетте буынның қосымша ауруларымен, оның ішінде көбіне остеоартрозбен байланысты болады. Ұстама аралық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі. Емделмеген жағдайда подаграның келесі ұстамасы бір жыл ішінде науқас адамдардың 60% қайталайды.

Ұстама аралық кезең біртіндеп қысқара түседі, ұстамалар ауырлай түседі, ақырында процесс созылмалы полиартрит сипатын алады.

Созылмалы тофусты подагра аурудың соңғы сатысы болып табылады, онда полиартрит белгілерінен басқа тофустар пайда болады, олар қабыну клеткалары және фиброз массасымен қоршалған урат кристалдарының жинағы болып табылады. Қараған кезде тофустар тығыз, қозғалмалы, сарғылт немесе ақшыл сары түсті түйіндер болып көрінеді. Жараланған тофустар бор сияқты құрам бөледі. Тофустың орналасатын жерлері: құлақ жарғағы, зақымданған буын үсті, буын беттерінің субхондральды бөліктері, білектің сырт беті, шынтақ аймағы, ахилл және тін асты сіңірлердің үсті.

Подаграның клиникасында басқа органдар мен жүйелердің зақымдану белгілері болады (висцеральды подагра). Висцеральды подаграның ішінде ең жиі кездесетіндері тынжытас ауруы, интерстициальды нефрит, несеп жолының инфекциясы, гломерулосклероз, гипертензиялы нефросклероз, СБЖ түріндегі подагралық нефропатия (подагралық бүйрек).

Қосымша тексерулер.Буындар рентгенографиясы. Сүйек – шеміршек деструкциясының белгілері көрінеді: буын қуысының тарылуы (шеміршектің талқандалуы), субхондральды сүйекте сүйектік тофус түзілетіндіктен сүйек тінінің эпифизінде дөңгелек айқын дефектілердің (оқ тесігі) пайда болуы, тофустың буын қуысына қарай жарылуына байланысты туындайтын буын беттерінің эрозиясы, қабыну және ураттар жиналуына байланысты буын маңы жұмсақ тіндердің тығыздалуы.

Лабораториялық көрсеткіштер. Қанның жалпы анализінде ЭТЖ өседі (әдетте 25-40 мм/сағ.), орташа дәрежелі лейкоцитоз, С-реактивті белоктың анықталуы.

Қанда несеп қышқылының көбеюі (0,42 ммоль/л жоғары еркектерде және 0,36 ммоль/л жоғары әйелдерде). Несеп қышқылы клиренсінің өзгеруі (қалыпты күйде 6-7 мл/мин.): подаграның бүйректік және аралас типінде ол төмендеген, метаболизмдік типінде – қалыпты күйде немесе аздап төмендеген.

Қалыпты жағдайда тәуліктік несептегі несеп қышқылының мөлшері 1,8-3,6 ммоль (300-600 мг).

Емі.Подаграны емдеу артриттің жедел ұстамасын тоқтатудан, ұзақ тұрақты емдеуден және диспансерлеуден тұрады.

Подаграның жедел ұстамасын тоқтату. Науқас адамға толық тыныштық жасау керек. Ауру аяқты жоғары салу керек, аяқ үстіне ішінде мұз, қар бар қабық қою керек, ауырғандық басылғаннан кейін – жылы компресс қойылады. Сұйықтықты көп ішу керек (күнге 2-2,5 л сұйықтық – сілтілі ертінділер, компот, сүт және басқалары).

Подагралық артриттің жедел ұстамасын басу үшін БҚҚП, глюкортикоидтар және колхицин қолданылады.

БҚҚП ішінен қолданылатындары:

- диклофенак 25-50 мг 4 рет/тәулігіне;

- ибупрофен 800 мг 4 рет/тәулігіне;

- индометацин 25-50 мг 4 рет/тәулігіне;

- кетопрофен 75 мг 4 рет/тәулігіне;

- напроксен 500 мг 2 рет/тәулігіне;

- нимесулид 400 мг/тәулігіне.

Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келукритерийлері: ауырғандық синдромның жойылуы, буын функциясының қалпына келуі (ФЖ2-нің ФЖ0 дейін төмендеуі).

Уақытша еңбекке жарамсыздықтың орташа мерзімдері:2-4 апта.

МӘСК жіберу көрсетпелері:кәсіби міндеттерді орындауға кедергі тудыратын буын функцияларының бұзылыстары.

Санаторийлы-курорттық ембуын қызметі сақталған адамдарға аурудың ремиссия фазасында қолданылады. Негізгі қолданылатын ем факторлары: бальнеотерапия, балшықпен емдеу, сілтілі минералдық сулар ішу, емдік қоректену (Ессентуки, Сочи, Пятигорск, Цхалтубо курорттары және т.б.).

Хирургиялық ем.Ірі тофустарда және ауқымды буын маңы тіндерінің инфильтрациясында және жыланкөз барында урат шөгінділерін хирургиялық жолмен алып тастау қолданылады.

Диспансерлеу.Аурудың жеңіл даму барысында науқасты ревматолог пен терапевт жылына 2 рет қарайды (қанның, несептің жалпы анализі, Нечипоренко сынамасы, қандағы несеп қышқылы мен креатининнің деңгейін анықтау).

Орташа ауыртпалықты және аурудың ауыр түрінде ревматологпен терапевт ауру адамды 3 айда 1 рет қарайды, қосымша тексерулер жиілігі де осындай.

Буын рентгенографиясы мен бүйректі УДЗ жылына 1 рет жасалады.

Профилактика. Подагра бойынша тұқымда кемшілік бар адамдарда алдын алу шаралары іске асырылады.

Профилактикалық шараларға гиперурикемияға жағдай туғызатын факторларды (диуретиктер қабылдау, емдік ашығу, ішімдік, шамадан тыс тамақ жеу, тағамда майдың, пурин қосындыларының көп болуы) азайту немесе жою жатады. Гипереурикемияда (0,53 ммоль/л жоғары) құрамында май мен пуриндер аз диета тағайындалады және ұзақ уақыт аллопуринол беріледі. Дене шынықтыру, жүгіру, жаяу қыдыру (несеп қышқылының организмнен бөлінуін көбейтеді) қолданылады.

Прогнозыкөптеген жағдайда жағымды болып келеді, әдетте буынның зақымдануы еңбекке қабілеттілікті жоймайды. Болжам жағынан жағымсыз факторлар болып аурудың ерте басталуы (30 жасқа дейін), тұрақты гиперурикозурия (1100 мг/тәул. жоғары) және бүйрек жетіспеушілігінің дамуы есептеледі.

Дәрілік өсімдіктер және шөптер. Жер анамыз – үлкен табиғи, жасыл дәріхана. Олай болса, неге сол табиғат сыйын бізге дұрыс қабылдап орнымен қолданбасқа? Дәрілік шөптер мен өсімдіктерді медицинада қолдану арқылы көптеген кеселдерге қарсы тұруға болады…

Подаграны емдеу кезіндегі диета


Кеселді халық емімен емдеуді бастамастан бұрын диетаны дұрыстап алу керек. себебі ағзамыздағы несеп қышықылдарының кристалдарының түзілуі біздің тамқатануымызға тікелей байланысты. Анығырақ айтқанда подаграның пайда болуына пуриндердің әсері болуы мүмкін. Пуриндер жануарлар майында өте көп болады. Алкагльға тым жақын адамдар да бұл кеселге душар болуы мүмкін, ол ағзадағы уартаның кристаллдарының шығуына кедергі жасайды.

Подаграны емдеу кезінде жануар майы көп қосылған тамаққа жоламау керек: сардиндер и шпроттар, майлы ет пен балық, түрлі сүрленген нәрселер және консервілер. Емдеушінің рұқсатымен аптасына 200 -300 г суға пісірлген ет қана жеуне болады, сорпасын тіпті жоламаңыз.

Тұздың мөлшерін азайту керек. Подаграны емдеу кезіндегі күндік нормасы бір грамм ғана болғаны жөн! Өсімдік майына әсіресе зәйтүн майына ауысыңыз, онда да нысап керек: 10-30 г тәулігіне болса жетеді

Халық емімен емделеген кезде науқас шокалад, какао, шай,кофе, шпинат сияқты нәрселерді де көп мөлшерде тамақтыққа қолдануына болмайды. Бұларда да көп мөлшерде пуриндер бар! Сондықтан тым болмағанда бұндай тамақтардың мөлшерін азайтып, айран,сүт,шұбатты ішуді көбейту керек. Оларды молынан қолдана берсеңіз тым жақсы болып кетсіз, жеміс жидектердің пайдасы да орасан зор. Подагра кезінде нан, макарондар, картофель, жұмыртқа,жидектер жей беруге болады. Өте көп пайдасы бар нәрсе қызанақ пен цитрустік жемістер – бұларда пуриндер өте аз болады.

Ескертетін бір жай, толық адамдарға ем кезінде төменгікалориядағы диетаны сақтаса да, аштыққа бой алдырмау керек. Аштық кезінде қандағы несеп қышқылының мөлшері көбейіп кетеді де кеселі асқына түседі.

Бірнеше халық емін қарастырайық


Бұл әдіс өкше мүйізденіп кеткенде жақсы көмектеседі. Балықты суреттегідей даярлап алып(2 кг) 10 бөлікке бөліп, целофанда,тоңазтқышта ұстаймыз. Ұйқтар алдында бір бөлігін шығарып, еріген соң сүйек томпайған жерге тартып үстінен пакетпен байлап тастау керек. Үстінен жылы шұлық киген дұрыс. Ертесінде, компрессті шешіп аяқты жуыңыз. 10 күн өткен соң қақсағаны қоюы керек. Тым болмағанда бәсеңдейді. Асқынбайды!

Аспирин дәрісінің көмегімен подаграны емдеу

Бұл әдіс подаградан сізді үзілді-кесілді емдемесе де – қабынуға қарсы тұрып, жаныңызды тыныштандырады. Бір уыс дәріні талқандап – талқанның мөлшері жарты стакан болсын, оған азырақ су қосыңыз және бір ас қасық зығыр тұқымын(льняные семена) қосып араластырыңыз. Әбден қоюланып жақпа майға айналғанша араластырыңыз. Осылайша жасалған жақпа майды ауырнған жеріңізге түн асыра тартып тастаңыз. Үстінен полиэтилен қойып шүберекпен байлап тастаңыз. Әдетте, ертесінде жеңілденіп қалғаныңызды байқайсыз.


Тұздалмаған сарымайды(Үйде жасалған) және спритті бірдей мөлшерде аламыз. Сарымайды табада көпіршіктенгшенше қыздырып ерітеміз де аса сақтықпен үстіне сприт құямыз. Әрі қарай, аса үлкен сақтықпен спритті жағамыз да түгел жанып кеткенше күтеміз. Ендігі жерде түзілген жақпа майды(мазьді) бір ыдысқа жинап алып тоңазытқышқа салып қоямыз.

Ауырған жеріңізге осы жақпа майды сіңдіре жағыңыз. Жылы жерге жақын отырып жасағаныңыз дұрыс(камин, жылытқыш, жылыту батареяларының жаны). Аурығнаы тынышталғанша майды сіңіріп жаға беріңіз


2-3 пиязды қабығымен қоса тазалап жуған соң, бір литр су құйып, отқа қойыңыз(от тым қатты болмасын). Пияз әбден жұмсарғанша қайнатыңыз. Даяр болған сорпаны(қайнатпаны) сүзіп алып күніне бір стаканнан 3 рет тамақ алдында ішуіңіз керек. Емделу мерізімі 10-15 күн, болғанда үзіліс жасалуы керек.

Бұл әдіс буындағы подагралық қақсауларды жақсы емдейді. Буын қақсай бастағанда ақ осы әдісті бір екі рет қайталаған дұрыс.(Арасында үзіліс жасалғаны дұрыс).


Йод – подаграны емдеудегі қолданылатын ежелден келе жатқан өте тиімді нәрсе. 10 мл йодты алып оған 5 таблетка аспиринді (ацетилсалициловая кислота) ерітеміз. Нәтижесінде алынатын сұйықтығымыздың түсі мүлдем түссізденіп кетеді, осы сұйықтыпен ауырған буындарды сылап тастаймыз.Үстінен жылы қолқап немесе шұлық киген дұрыс.

Сол сияқты бұл кеселге аяққа жасалатын йод қосылған бұлау да өте пайдалы. 3 литр жылы суға 3 шай қасық ас содасы және 9 тамшы йод. Ықтиятпен үзбей жасалған мұндай бұлау тұздар жиналған буын(сүйек) томпақтарының кішірейуіне кей жағдайда мүлдем жоғалуына себеп болады.

Жалғасын аударып жатырмын

  • Twitter
  • Facebook

Екі лимонның ұсатылған қабығын 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз, тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашыту. Сүзіңіз. Осы тұңбада суланған тампонды, күніне бір неше рет сүйелдерге жағыңыз.

Секпілдер
100 г бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатыңыз және секпілдер жабылған жерлерге 15 – 20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 маска жағуғу болады.

Гипотония
төмен қан қысымы болған кезде климактериялық кезеңінде тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г, 0,5 кг балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.

Бас ауыруы
Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауыруы басылады.

Босанудан кейін тазарту
5 шикі жұмыртқаның қабығын тазартыңыз және оны 2-3 ұсақ туралған тазартылмаған лимонмен араластырыңыз. 1 күн ашытып, содан кейін 0,5 литр арақ қосу қажет. 3-6 бойы күніне 3 реттен тамақ ішкенен 20 минут өткеннен кейін қабылдау қажет.

Бели
Стақанға бір лимонның шырынын сығыңыз және оған қайнаған су қосыңыз. Ашпа кішкене суғаннан кейін, оны дәкемен сүзіңіз. Жаңа сауылған сүттің температурасына дейін суытылған ашпамен, қынапты жуыңыз. Салқын суды еш уақытта қолданбаңыз – одан жатыр мен анабезде шаншулар болуы мүмкін.

Тістерді нығайту
Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары – мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

Қан кету
Жатырдан қатты қан кетуде 6 жұмыртқаның ақтарын 0,5 шай қасығы лимон қышқылымен араластырып, ішіп қойыңыз. Егер қажет болса қайталаңыз.

Мүйізгектер
Ұйықтар алдында аяқты ыстық сумен буындырыңыз, құрғақ болғанша сүртіңіз және кішкене балдырмен лимонның қабығын – лимонның шетін мүйізгекке байлап қойыңыз. 4 – 5 күннен кейін мүйізгек толығымен жоқ болып кетеді.

Аяқ сіңірінің тартылуы
Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.

Тырнақтарды күту
Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек.

Талып қалу
100 г құрғақ лимон қабықтарын ұсатыңыз, 1 л арақ құйыңыз, анда санда шайқап отырып, 3 апта жылы жерде ашытыңыз. Сүзіңіз. Күніне 3 рет 25-30 тамшыдан қабылдаңыз.

Жасарту
Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз.

Бұлақ
Құлаққа 2-5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл ауыруды басады және естуді жақсартады.

Қайызғақ
4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.


Етеккірдің келу мерізімін реттеу мақсатында бұл өсімдіктің тұнбасын халық арасында көп қолданады.

Экзема, қышыма дерматоз, фурункулез, іріңді ісік, диатез кездерінде шөптің тұнбасынан жасалған компресс немесе ванна шипалық ванна жасаған дұрыс. Бас жиі ауырған кездеде жылы қайнатпасымен басты жуған абзал.

Жұпаргүлді киімге себелеп қойса қаркүйе(моль) түспейді.

Кулинарияда жұпаргүл қияр, қызанақ сияқты көкөністерді маринадтаған кезде қолданылса жұпар иістен бөлек ұзақ сақталуына себебін тигізеді.

Жұпаргүлді шай сияқты шығарып ішсе де болады.

Жұпаргүлден жасалған тұнбаларды екіқабат әйелдерге, созылмалы гастриттің гиперацидтік түрі кезінде, асқазан немесе ұлтабар жаралары барларға, гипертоникалық ауыруы барларға ішуге болмайды…

Қолдануы. Халықтық медицинада суда жасалған тұнбасы ағзаның қуатын арттыруға, іш жүргізуге, тер шығару мақсатында және ішек құрттарын айдаға қолданылады.


сұңғыланы халық медисинәсіндә бүйректің әлсіздігіне, еркектің бел қуатынан айырылғанда пайдаланады. ал қытай, шығыс медисинәсіндә бүйрек ауруына таптырмас қосынды болып табылады. одан дәріні қалай жасап шығаратын құпясымен олар, әрине, өлсе де бөліспейді. тек бізден сатып алып, дәрі жасап, удай бағасына сатып қарық болуда. бүгінде бауыры ауырмайтындар кемде-кем. осындайда елімізде бауырға арналған дәрі жасап шығаратын өндіріс орны ашылса деген арманға иек артасың. алайда бұл арманның орындалу-орындалмасы әзірге тұман. . .
аأтор: гүлжән көшерөأә, жамбыл облысы


Сүйегімнен өткен суық­тың азабын балалы болғанда әб­ден көрдім. Бар суық жатыры­ма жиналғандай. Соның сал­да­рынан көптеген ауру­ларға ұшырадым. Жатыр ау­ру­лары­ның түрі де көп екенін сонда барып білдім ғой. Оның бәрі ақкірден басталды. Алға­шын­да гинекологқа баруға уа­қыт таппай жүрдім. Күндер өте ау­руым асқынып, эрозияға соқ­тырды. Ауруханаға да жаттым, түрлі халық емдерін де қолдандым. Біраққ жанымды қинауын қоймады. жатырдағы суы

Қыз баласы құпиясын анасына ғана айтады ғой. Мен де төркініме қыдырып­ барғанымда жағдайымды түгел ана­ма айттым. Ол бастапқыда кінәнің бәрі өзімде екенін айтып, біраз ұрсып алды. Одан кейін аудандағы өзінің таныс дәрі­геріне апарды. Ана­лиз менде суық барын­ көрсетті. Бірақ бұл кезде күш­ті деген­ дәрі-дәрмектің өзі ма­ған әсер етпейтін. Осыны ұққан дәрігер бас­қаша бір амал айтты. Сол құпияның арқасын­да 1 айдың ішінде ауруымнан­ құлан-та­за айықтым. Қазір ашық-ша­шық киінетін бойжеткендерге жаным ашиды. Алдында не күтіп тұрғанын олар білмейді-ау. Ал қажет еткендер қарапайым мына тәсілді қолданып көрсе болады.

Жаңғақ ағашының он дана көк жапырағын шайып, таза су құйылған ыдысқа салыңыз. Үстінен екі жұмыртқа салып, таза піскенше қайнатыңыз. Міне, осы жұмыртқаны ыстықтай жеу керек. Оп-оңай бұл емді күнде таңертең аш қарынға жасаған өте пайдалы. Нәтиже­сін бір айдың ішінде байқайсыз.





Дәрілік жаужапырақ – көпжылдық өс імдік, 0,5 -1 м биіктікке шейін өседі. Тамырлары көптармақты. Сабағы тікбағыттағы төртқырлы көпбұтақты, бас жағы сәл еңкіштеніп(салбырап) өседі. Жапырақтары бір біріне қарама қарсы орналасып, сопақшаланған жұмыртқа тәрідес болады да қырлыар емшектеліп келеді: Сабақтың жоғары жағындағылары қанық жасыл түсте болса балағына қарай ашық жасыл түсті болып беттері түкшелермен көмкерілген. Гүлдері екі жынысты, ақ және күлгін түсте, ұсақ түрде болады. Гүл табақшасы жасыл, қоңырау тәрізделген; екі ерінді тәжі бар. Дәндері сопақшаланған ұзындығы 2мм диаметрі 1мм. 1000 дәннің салмағы 0,6 грамм

Жаужапырақты көбінесі иісі арқылы іздеп табады. Түп түгелімен әсіресе жапырақтары лимон аңқып тұрады. Осы себептен «лимонды жалбыз” аталып кеткен. Ерекше хош иісті болып келетін кезі гүлдемгендегісі(гүлдеген соң ауырлай түседі). Жаужапыраққа ерекше иіс беріп тұрған оның құрамындағы (ерінгүлдерге тән қасиет) эфир майлары. Осы топқа жататын басқа да өсімдіктер, мысалы лаванда, жебіршөп;тасшөп(тимьян), ащы жалбыз, шалфей, гүлшетен(розмарин), майоран сияқтылардың өздеріне тән айырықша күшті иістері болады. Иісінің тартымдылығына байланысты жаужапырақты аспаздарда жиі қолданады.

Жаужапырақ – әлемде ең әйгілі хош иісті-дәмдеуіш және емдік қасиеті бар өсімдіктер қатарында, адам өмірінде көп ғасырдан бері өзіне тиселі орнын алып үлгерген. Көне римляндықтар оны осыдан екімың жыл бұрын күтімге алып, баптап өсіре бастаған.

Көне заманнан бері адамдар бұл өсімдікті тәбет ашу мақсатында қолданып келген. «Мелисса” сөзі грек тілінен аударғанда ара, бал деген мағына береді. Өсімдіктің латынша атауы – «ара жұлдызы”. Ара ұясының қабырғасын осы шөппен сүртсеңіз болды аралар бейне бір сиқырланғандай сол жерге қаптай бастайды. Әрине оларды сиқырлаған өсімдіктің хош иісі. Жаужапырақпен сүртілген осындай ара тұзақтарын омарташылар ормандар мен жайылымдарға аралады үйір қылу үшін іледі. Оларды жаңа орындарға осылай үйретеді. Егер жаужапырақпен денеңіздің ашық жерлерін сүртіп алсаңыз аралар шақпайды. Ал енді бұл өсімдіктің ел арасында балшөп аталып кетуіне себеп – балтүзгіштік қасиетінің жоғарылығы болса керек. Бір гектар гүлдеп тұрған жаужапырақ алқабынан 150 кг ашық түсті құнарлы бал алынады екен.

Балғын немесе кептірілген жапырақтарын дәмдеуіш ретінде түрлі тағамдар даярлау кезінде қосады. Балғын кезінде, майдалап турап салаттарға қосса ол тағамның тек иісі аңқып дәмділігі артып қана қоймай дәрумендік қасиетіде күшейе түседі. Кептірілген жапырақтарын өзін ғана немесе басқа да дәмдеуіштермен қоса көкөніс, ет немесе балық негізге алынған қыстық салаттарға сондайақ омлет немес күріш тағамадарына қолданады.

Жаужапырақтың балғын жапырақтарын түрлі соустарға, суптың барлық түрлеріне(жеміс, бұршақ, кртофель, саңырауқұлақ), көкөністен жасалатын тағамдарға қосады. Көбісі жаужапырақты иісі тәбет ашардай болу үшін сүтке, қатыққа қосады. Кептірілген жапырақтарынан шай шығарып, компоттар мен үй квастарын хош иістендіру үшінде қосады. Балғын жапырақтарын сыраның және қолдан жаслаған шараптардың дәмін жақсарту үшінде қолданады.

Как пряность мелисса используется в домашнем консервировании при солении помидоров, огурцов – придает им крепость, улучшает аромат. Порошок сушеной мелиссы добавляют при засолке капусты.

Халықтар арасында жаужапыраққа оның емдік қасиеттеріне сай басқа да атаулар берілген: жүрек шөбі, «жүректі тыныштандыру” – тыныштандыратын қасиетіне байланысты болса керек; әйел шөбі, етеккірдің келу мерізімі бұзылған кезде, жүктілік кезінде болатын кеселде мен ұстамалы ауруға қарсы дауалық қасиеті үшін.

Жаужапырақтың қасиетін бірінші болып байқап дұрыс баға бергендер арабтар болды: олар бұл шөпті эпилепсияны, психикалық ауруларды, апоплексияны(миға қан құйылу түрінде болатын ұстама ауыру), апатияны және меланхолияны емдеуге қолданған сондай ақ бұл шөпті өздерінің «өмір эликсирі” шөптерінің қатарына қосқан.

Ортағасырларда Жаужапырақты ағзаға қуат беруші компоненттер ретінде қолданған, жүрек жұмысын жақсарту мақсатында ең үздік дәрумен ретінде танылды. Францияда жапырақтарынан әйелдер босанар кезде арнайы самса жасап жегізгенді дұрыс санаған…(аударылып болған жоқ)

В природе встречается очень мало растений с гепатопротекторными свойствами (то есть оказание лечебного воздействия на печень). Одним из этих растений является трава солянка холмовая. Биологический комплекс, содержащийся в траве солянки холмовой, имеет в своем составе такие соединения: полисахариды, липиды, микроэлементы, аминокислоты, флаваноиды, стерины (которые свойственны только солянке холмовой) и каротиноиды.

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.